Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар ұйқысыздықпен күресудің ең тиімді екі тәсілін атады. Бұл туралы Eat This, Not That! Басылымына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru жазды.
Диетолог Лиза Московиц адамның толыққанды демалмауы өте қауіпті деп отыр. Оның айтуынша, ұйқысыздық немесе үнемі ұйқының қанбауы адамды шаршатып қана қоймай, қан қысымының жоғарылауы, психикалық ауытқушылықтар және иммунитеттің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Ұйқымен проблема туындаған жағдайда диетолог биологиялық белсенді қоспаларды пайдалануға кеңес береді. Ұзақ уақытқа дейін ұйқтай алмай дөңбекшитін жандарға шүйгіншөп түбірін қолданған тиімді көрінеді. Үнді женьшені аталып кеткен ашвагандха өсімдігі де ұйқының сапалы да терең болуына көмектеседі. Адаптогенге бай өсімдік сығындысының күйзеліске қарсы әсері мол.
Сондай-ақ жақсы ұйқтап, сергек тұру үшін жатар алдында ұялы телефонды қолданбаған абзал деп отыр мамандар.