Ғалымдар тыныс алу жүйесіне қатысы жоқ COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

11 Желтоқсан 2020, 18:15
2154
Бөлісу:
Ғалымдар тыныс алу жүйесіне қатысы жоқ COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның себебі болып табылатын SARS-CoV-2 вирусы ең алдымен тыныс алу жүйесінің ауруы болып табылады. Бірақ зерттеушілер COVID-19-ды көз арқылы жұқтыру ықтималдығына назар аударған жөн деп санайды. 

Бұл COVID-19 ағзаға тыныс алу жолдары арқылы ғана емес, сонымен қатар көздің шырышты қабаты арқылы да енуі мүмкін екендігімен түсіндіріледі.

Британдық ғалымдар көздің ауыруы коронавирусты жұқтыруымен байланысты болуы мүмкін екендігін мәлімдеді. 

Интернеттегі сауалнаманың нәтижелері бұл COVID-19-бен ауыратын адамдардың ең маңызды симптомының бірі екенін көрсетті.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тің таратқан мәліметінше, тест жауаптарының нәтижесінде жиі кездесетін белгілер фотофобия (18%), көздің ауыруы (16%), көздің қышуы (17%) екендігін көрсетті. 

Қатысушылардың 80%-дан астамы COVID-19-дан басқа белгілерінен кейін екі апта ішінде көзге қатысты проблемалар туындағанын хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы