Ғалымдар өңеш обырын тудыратын тағамдарды атады

24 Маусым 2022, 12:16
1884
Бөлісу:
Ғалымдар өңеш обырын тудыратын тағамдарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онколог ғалымдар өңеш ісігін тудыратын тағам түрлерін атады. Оның ішінде, маринадталған көкөністер қатерлі дерттің ықтималдылығын екі есеге көбейтуі мүмкін деп жазады МедикФорум басылымы. 

Маринадталған көкөністерді тұтыну мен өңештің жалпақжасушалы обыры арасында байланыс бар. Өңеш обыры өңешті – ауыз бен асқазан арасындағы арнаны зақымдайды. Ол ересектер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулар арасында 14-орында тұр, - дейді мамандар. 

Жүргізілген зерттеулер маринадталған көкөністердің салдарынан дерт екі есе өскендігін болжауға негіз болып отыр. Оған басты себеп –маринадталған көкөністердің канцерогенділігі. 

Маринадталған көкөністердің құрамынан мутагенді және трансформациялық белсенділік анықталды. Сондай-ақ ол өңештің эпителийіндегі гиперплазия мен дисплазияны тудыра отырып, in vitro әсерін жандандырып, осылайша, ісікке ұласады, - деп ескертті ғалымдар.  

Өзгелердің жаңалығы