Ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі

28 Қазан 2021, 11:05
1458
Бөлісу:
Ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жану проблемалары институтының ғалымдары БҒМ «Ғылым Қоры» АҚ қолдауымен биологиялық үйлесімді кальций гидроксиапатитін құру бойынша заманауи медицинада кеңінен қолданылатын инновациялық технологияны әзірледі.

Бұрын-соңды Қазақстанда бұл өнім өндірілмей, шетелден әкелінген болатын. Енді ғалымдардың бұл жаңалығы көрсетілетін медициналық қызметтердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өйткені аталған өнім географиясы бойынша да, қаржылық жағынан да қолжетімді болады.

Отандық өнім қазіргі заманғы хирургиялық стоматологияда және жақ-бет хирургиясында, косметологияда жоғалған көлемді қалпына келтіру үшін толтырғыш ретінде қолданылатын болады. Инновация фармакологияда және металл имплантаттарына жабын ретінде қолданылады. Технологияның бірегейлігі — медицинада талап етілетін кальций гидроксиапатитін біз биологиялық қалдықтарды өңдеу нәтижесінде аламыз, — деп атап өтті БҒМ Ғылым комитеті Жану проблемалары институтының жетекші ғылыми қызметкері Шыңғыс Дауылбаев.

Енді ғалымдар отандық стоматологиялық нарықтың қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік үлгілерді өндіруді жоспарлап отыр. Жобаның практикалық және коммерциялық мақсатта маңыздылығы зор.

Биологиялық қалдық материалды пайдалану шетелдік аналогтармен салыстырғанда стоматологиялық қызметтердің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, біздің материал негізінде арнайы пленкалар шығарылады. Бұл пленкалар дәрі-дәрмектермен байытылады. Осылайша, бұл тіс ауруы немесе қабыну орнын дәрі-дәрмекпен қамтудың оңай әдісі болады. Биосәйкестік әсері болғандықтан адам ағзасы бұл материалды жеңіл қабылдайды, — деді ғалым Шыңғыс Дауылбаев.


Өзгелердің жаңалығы