Ғалымдар: Каспийде су деңгейінің тұрақсыздығы – табиғи үрдіс

8 Маусым 2021, 20:01
1398
Бөлісу:
Ғалымдар: Каспийде су деңгейінің тұрақсыздығы – табиғи үрдіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылар теңіз деңгейі көп жылдық, жыларалық және маусымдық ауытқуларға ұшырағанын хабарлайды. Бұл - табиғи үрдіс. Каспий теңізінде су деңгейі бұрын да ауытқып отырған.

Мұндай мерзімді ауытқулар сыртқы шекарада өзгермелі шарты бар жабық су қоймасы үшін қалыпты жағдай.

Мәселен, өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап Каспий деңгейінің төмендеуі байқалды. 1977 жылға қарай теңіз деңгейі 3 метрге төмендеп, минус 26-дан 29 м-ге дейін жетті. Кейін су деңгейі қайта көтеріле бастады, осылайша 1995 жылы 3 метрге жоғарылап, минус 26,62 м-ді құрады. Осы аралықта су деңгейінің көтерілуі жылына шамамен 14 см болды,  ал кей жылдары - 36 см де жеткен.

2005 жылдан бастап циклдік төмендеу кезеңі қайтада басталды. Каспийде желдің әсерінен  мезгілсіз ауытқу болып тұрады. Мысалы, Каспийдің солтүстік бөлігінде «Жанбай» теңіз гидропосты ауданында осындай маусымдық көрініс анық байқалады. Әсіресе көктем, күзде. Оған солтүстік - шығыс және оңтүстік - шығыста соғатын және себеп. Ал жазда, жел қатты емес кезде мұндай жағдай байқалмайды. Теңіз деңгейінің көтерілуі желдің жылдамдығы 10-15 м/с және ұзақтығы 10-12 сағаттан 1-2 күнге дейін жалғасса ғана байқалады. Ал жел секундына15-25 м-ге жеткенде биіктігі 1,5-2 м немесе одан да жоғары болады.

Соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы климаттың антропогендік өзгеруі әсерінен өзгеретін су балансы сипаттамаларының арақатынасына байланысты.

Сарапшылардың дерегіне сүйенсек 2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізінің акваториясына жауын-шашынның аз мөлшері түскен, ал булану процесі керісінше қарқынды болды. Сондай-ақ Еділ (Волга) өзенінің бассейнінде су аз болғандықтан келетін су мөлшері көп болмады.

Басты себебі – климаттың жылынуы.

Каспий деңгейінің төмендеуі мен жоғарылауы бұрын да болған және оның ұзақ мерзімді табиғи циклдік сипатқа ие екенін атап өтеміз. Соңғы жылдары Каспийдің жағдайына ғаламдық жылыну да ықпал ете бастады.

Өзгелердің жаңалығы