Ғалымдар энергия бөлетін алма ағашын ойлап тапты

20 Шілде 2022, 19:02
1333
Бөлісу:
Ғалымдар энергия бөлетін алма ағашын ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс ғалымдары жаңа экологиялық жобаны қолға алды.

Бұл туралы Elorda.info хабарлады.

Қазір олар Гельсдорф зерттеу орталығында арнайы тәжірибе жүргізіп жатыр. Алма бағының үстінен күн батареялары орнатылған. Алынған энергиямен электр-тракторын қуаттайды. Оған қоса, бұл құрылымдар ағаштарды қорғайды. Екі түрлі модуль алма ағашына қажет жарықтың 50 процентін өткізеді. Экологиялық жүйенің қуаттылығы 250 киловаттқа жетеді.

Ғалымдардың айтуынша, алманы осылай өсіру үшін көп жер қажет емес. Әрі күн батареясын орнатуға да қосымша аймақтың керегі жоқ. Ағаштарды нөсер, бұршақ, қатты жел мен қурап қалудан осылай сақтауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы