Ғалымдар COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторын атады

6 Желтоқсан 2020, 20:44
1333
Бөлісу:
Ғалымдар COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторы - адамның қоршаған ортаға шығаратын вирусының мөлшері. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды. 

Қазіргі кезде қоғам үшін ең қауіпті адамдар - бұл вирустың ағзаларында белсенді түрде көбеюіне, сондай-ақ індеттен сауығып шыққанына қарамастан бетперде тақпайтын адамдар, - дейді ресейлік ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары Николай Дурманов пен Александр Карабиненко.

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Негізгі қорғаныс - барлық адамдармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау: бетперде, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Өзгелердің жаңалығы