Ғалымдар бірегей «жасанды тері» жасап шығарды

5 Сәуір 2021, 22:25
3019
Бөлісу:
Ғалымдар бірегей «жасанды тері» жасап шығарды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар жаралар мен зақымданған жерді таңуға арналған ерекше тін жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

«Жасанды тері» ауру жерді механикалық зақымданудан және зиянды инфекциялардан қорғайды, сонымен қатар жасушалардың өсуіне оңтайлы жағдай жасайды, ауа мен су буын жіберіп тұрады, сондықтан мұндай жабынның астындағы жара құрғап, кеуіп кетпейді және қажетінше ылғалданып тұрады. 

Тін - бұл жараларға қолданылатын ең жұқа жабын, тіндік жасушалар науқастың жасушаларымен араласып, жараға өтеді және жараның жазылуы мен тыртықтың кетуі үшін коллагеннің бөлінуін белсендендіре түседі, - дейді ғалымдар. 

Емдеуден басқа, тін жараны сыртқы әсерлерден қорғауға көмектеседі және оны күнделікті ауыстырып отырудың қажеті жоқ. Емдеу аяқталғаннан кейін латекс төсенішін оңай ажыратуға болады.

Өзгелердің жаңалығы