Ғалымдар адамзатты жойып жіберетін пандемияның қашан келетінін айтты

24 Тамыз 2021, 19:19
30581
Бөлісу:
Ғалымдар адамзатты жойып жіберетін пандемияның қашан келетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 60 жылдың ішінде адамзат тағы бір пандемияға жолығады.

Бұл туралы Италияның Падуа университетінің ғалымдары мәлім етті.

Бұл тақырыптағы зерттеу жұмысы Proceedings of the National Academy of Sciences баспасында жарияланды. Ғалымдар статистикалық талдау әдісін қолдана отырып, соңғы төрт ғасырда бүкіл әлем бойынша оба, шешек, тырысқақ, іш сүзегі және тұмаудың таралу тарихын зерттеді. Анықталғандай, жалпы пандемия адамзатқа көп келмеген. Олардың пайымдауынша, ендігі жаһандық індет 2080 жылға қарай болады.

2000 жылы дүниеге келген адамдар жаңа эпидемияға куә болу ықтималдығы 38 пайызды құрайды. Еңбек авторларының пікірінше, 2080 жылы болатын пандемияның себептерінің бірі халықтың ұдайы өсуі мен қоршаған ортаның ластануы.

Айта кетейік, тарихтағы өлімге әкелетін тұмау эпидемиясының қайталану қаупі жыл сайын 0,3-1,9 пайызға артып келеді. Сарапшылар мұндай көлемдегі пандемия алдағы 400 жылда қайталанып отырады деп болжап отыр.

Алайда COVID-19 секілді жаңа індеттердің ықтималдығы алдағы онжылдықтарда үш есе өсуі мүмкін, ал 12 мың жылдан кейін әлем өз халқын толықтай жоятын пандемияға тап болады.

Өзгелердің жаңалығы