Ғалымдар 10 жыл бас қатырған дүниені жасанды интеллект екі күнде шешіп берді

Бүгiн, 11:32
539
Бөлісу:
Ғалымдар 10 жыл бас қатырған дүниені жасанды интеллект екі күнде шешіп берді
Фото: Жасанды интеллект

Google-дің жаңа жасанды интеллекті ғалымдардың зерттеуін қысқа мерзімде түсіндіріп берді. Зерттеу нәтижелері bioRxiv препринттер серверінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғалымдар 10 жыл бойы бір супербактерияның қалайша басқа бактерияларды жұқтыру қабілетіне ие болатынын зерттеді. Ал Google-дің жаңа жасанды интеллекті осы мәселені небәрі екі күнде шешіп берді.

Зерттеу бактериялардың антибиотиктерге төзімділігіне қатысты болды. Ғалымдар бактерияларды зақымдайтын вирустардың басқа вирустардың бөліктерін (құйрықтарын) пайдаланып, өздерінің геномдарын жасушаға енгізе алатынын анықтады.

Жариялануға дайын болған зерттеуді ғалымдар соңғы рет жасанды интеллектке тексертіп көрмек болды. Бірақ ИИ екі күннің ішінде олардың он жылдық зерттеуіне тең нәтиже жасап шықты.

Алғашында ғалымдар ЖИ олардың еңбектеріне қол жеткізді ме деп күдіктенді, бірақ ол барлық ақпаратты өздігінен талдап, қажетті қорытынды шығарған екен. Зерттеушілер ЖИ-дің жылдамдығына таңғалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы