Ғалым: Жастар инфаркт тек егде жастағы адамдарда ғана болады деп ойлайды

6 Наурыз 2023, 09:14
1244
Бөлісу:
Ғалым: Жастар инфаркт тек егде жастағы адамдарда ғана болады деп ойлайды
Фото: Аргументы и факты

Жастар инфаркттан жиі зардап шегеді, алайда олар аурудың дамуына қандай қауіп факторлары әсер ететінін білмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Огайо штаты университетінің зерттеушілері 2000 жас америкалыққа жүргізген сауалнама олардың 45 жасқа дейінгі 47%-ы жүрек ауруының қаупі бар екенін білмейтінін анықтап берді. Қатысушылардың үштен бірі инфаркттың не екенін білмейтінін айтты.

Жастардың жүрек ауруына шалдығу қаупін сезінбейтіні алаңдатады, бірақ бұл таңғаларлық жағдай емес. Олардың көпшілігі инфаркт тек егде жастағы адамдарға тән деп ойлайды, бірақ олай емес, — деді доктор Лакшми Мехта, Огайо штатының Векснер Медициналық орталығының профилактикалық кардиология бөлімінің директоры.

Жыл сайын 40 мыңнан астам қазақстандық жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады.  Жастар арасында кенеттен қайтыс болу жағдайлары жиілеп кетті. Кенеттен қайтыс болғандардың 90%-ында өлім жүректің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Мұндай жағдайлардың саны жыл сайын артып жатыр және тәуекел аймағында жастар бар. Статистикаға сәйкес, өлім шамамен 13%-ға өскен, оның 24%-ы кенеттен болатын өлім.

Өмір ырғағын жеделдету, көптеген стресс пен жаман әдеттер жүрек пен қан тамырлары ауруларының бара-бара жастарға тән бола бастауына әкеп соғады. Бұл аурулардың даму қаупі адамның өмір салтының нәтижесі, көбінесе жаман әдеттер ерте жаста жүрек ауруларының пайда болуына себеп. Мысалы, темекіге тәуелділік қан тамырларының жағдайын нашарлатады және жүректің ишемиялық ауруының даму қаупін арттырады. Қозғалысы аз өмір салты жүрек патологиясының даму қаупін үш есе арттырады, ал артық салмақ болған кезде қауіп одан да артады. Сондықтан, жүректегі асқынулардың алдын алу үшін зиян әдеттерден бас тарту немесе тұжырымдаманың көмегімен денсаулыққа зиянды азайту қажет: майлы тағамдарды тұтынуды шектеу, күшті алкогольді әлсіздеу сусындармен алмастыру, жанбайтын, қыздырылатын темекісі бар құрылғыларға көшу, - деп атап өтті «Денсаулық» Ұлттық Қауымдастығының дәрігері әрі басшысы Бақыт Түменова. 

Сарапшы, сонымен қатар, инфаркт (миокард инфарктісі) жүрек бұлшықетіне қан ағымы бітеліп, тін оттегінің ашығуын сезінгенде және миокардтың бір бөлігі өлгенде пайда болатынын айтты. Сондықтан инфаркт белгілерін білу және жедел жәрдемге уақтылы жүгіну өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Инфаркттың белгілері мен симптомдары:

  • Кеудедегі ауырсыну, қысылу немесе дискомфорт.
  • Қолдағы, арқадағы, мойындағы, жақтағы немесе асқазандағы ауырсыну, шаншу немесе дискомфорт.
  • Тыныштықта және жеңіл физикалық белсенділікпен тыныс алудың қиындауы.
  • Сырыл (тыныс алғанда ысқырық немесе қорыл).
  • Суық тер.
  • Жылдам немесе ретсіз жүрек соғысы.
  • Бас айналу немесе естен тану.
  • Ас қорыту жұмысының бұзылысы (іштің жоғарғы бөлігіндегі қыжыл немесе дискомфорт).
  • Құсу немесе құсу белгісі жоқ жүрек айнуы. Бұл әйелдерде жиі кездесетін инфаркт симптомы.
Өзгелердің жаңалығы