Ғалым Байтук: Билік әлеуметтік желілермен жақсы көпір орнатып алды

24 Желтоқсан 2020, 15:20
1502
Бөлісу:
Ғалым Байтук: Билік әлеуметтік желілермен жақсы көпір орнатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қоғамдық-мәдени даму жөніндегі проректоры, қоғам қайраткері Ғалым Байтук бүгін елордада өткен Еуразиялық интеграция институтында «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет: Тоқаевтың 2020 жылғы басты жеті ісі» баяндамасы барысында айтты.

Сарапшы шара барысында қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім радиусын кеңейту мәселесіне тоқталды.

Менің ойымша, ең негізгі кейстердің бірі бұл – биліктің әлеуметтік желілерге деген дұрыс көзқарасы. Бұған дейін бұл мәселеге саяси жетекшілер біршама уақыт назар салмай келді, ал, әлеуметтік желі арнасын кеңейте берді, түбі билік белгілі бір оқиғаның салдарымен ғана күресіп жүрді.  Ал, қазір билік әлеуметтік желілермен жақсы көпір орнатып алды. Яғни, қоғамда қандай да бір тренд қалыптастырып үлгерген әлеуметтік желілерде танымал, белсенді ньюсмейкерлермен тиісті қарым-қатынас жасай алады. Олардың материалдары, жазбалары назарға алынып, анализ жасалады, ресми жауап беріледі. Бұл әрине, қиын жұмыс, бірақ дұрыс бағытта келе жатқан жұмыс. Өйткені, әлеуметтік желінің болашағы бар, - деді ол.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тәжірибелі дипломат, стратег ретінде өте дұрыс  қадамдар жасап келеді. 

Кейбір адамдар «Президент неге итбалық итбалық, Көбейтұздағы жағдай, Алматыда кесілген талдар сияқты ұсақ мәселелермен айналысады», дейді. Мен оларға қоғамдық сенім дегеннің осындайдан көрініс табатынын айтқым келеді. Егер мұндай мәселелерге көңіл бөлінбесе, оның салмағы арта береді. Президент осындай қадамдары арқылы өзінің айналасындағы шенеуніктерге үлгі көрсетіп отыр, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы