Гаага қаласында Қазақстанның қатысуымен қоғамдарды біріктіру мәселелері талқыланды

23 Қараша 2023, 04:21
621
Бөлісу:
Гаага қаласында Қазақстанның қатысуымен қоғамдарды біріктіру мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Гаага қаласында (Нидерланды) «Әртүрлі қоғамдарды біріктіру үшін деректерді жинау, талдау және пайдалану» тақырыбында ведомствоаралық дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінен ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Шараға Қазақстан тарапынан Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің делегациясы қатысты.

Кездесуді ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесі ұлттық азшылықтардың интеграциясы жөніндегі саясатқа жауапты уәкілетті органдар мен мекемелердің өкілдері арасында білім және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырды.

Қатысушылар ұлттық азшылықтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі елдердің тәжірибесін, олардың қоғамға мәдени және тілдік кірігуі, сондай-ақ кемсітушілік пен ксенофобияның әртүрлі нысандарының алдын алу мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бұл бағытта жаңа тәсілдер әзірленіп, күн өткен сайын күрделеніп бара жатқан халықаралық жағдайдың қазіргі ерекшеліктерін ескеріп отыру ұсынылды.

Атап айтқанда, Жоғарғы комиссар Қайрат Әбдірахманов ұзақ мерзімді перспективада этносаралық қақтығыстардың алдын алу үшін әртүрлі қоғамдардың интеграциясы мен бірігуіне ықпал ету бойынша ұсыныстар берді.

Өзгелердің жаңалығы