«G-Global». Қазақстан инвестициялық әріптестеріне лайықты инфрақұрылым ұсына алады - Дәленов

18 Қараша 2020, 19:48
1622
Бөлісу:
«G-Global». Қазақстан инвестициялық әріптестеріне лайықты инфрақұрылым ұсына алады - Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халықаралық антикризистік конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір әлем экономикасы үлкен сынақты бастап кешіріп отыр. 

 

Сондықтан халықаралық саяси  протекционизм аясында инвестициялық әріптестікті күшейту қажет. Қазақстан инвестициялық әріптестеріне өз аумағында жоғары технологиялық өндірісті жүзеге асыру үшін  лайықты инфрақұрылым, сапалы адами капитал ұсына алады. Елімізде халықаралық әріптестікке арналған заңмалық актілер жетілдіріліп келеді. Осының нәтижесінде Қазақстан Doing Business рейтингінде 25 орынға тұрақтады, - деді ол. 

 

Сондай-ақ ол елдегі Астана халықаралық қаржы орталығы тиімді әріптестік орнатудың құралы бола алатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан 100 млрд долларды құрайтын екі мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың басым бөлігі құрылыс, өндіріс, қайта өңдеу, мұнай-газ, әлеуметтік салаларға тиесілі.

 

Басымдыққа ие инфестициялық жобалар Кәсіпкерлік туралы кодек пен Салық кодексіндегі жеңілдіктерге ие болады. Қазақстан сіздерге осындай бірігей мүмкіндерді ұсынып отыр,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы