Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы белгілі болды

14 Желтоқсан 2021, 15:35
1075
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы  – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

Өзгелердің жаңалығы