Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финал матчында Иран құрамасын 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, 2:0 есебімен ұтылып қалды. 8-минутта Мослем Оладгобад ирандықтарды алға шығарды. Ал 15-минутта Ахмед Эсмаилпур есепті еселеді.
Бірақ екінші таймда отандастарымыз жеңіске деген күш-жігер тауып, 3 гол соғып жартылай финалға шықты.
Кездесудің 25-минутындағы үзілістен кейін Иран қақпашысы Алиреза Самими өз қақпасына гол соқты. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Португалиямен кездеседі.
Еске салайық, жартылай финалистердің тағы бір жұбы Бразилия мен Аргентина құрамалары болды.