Футзалдан Еуропа чемпионаты басталады

19 Қаңтар 2022, 21:25
1453
Бөлісу:
Футзалдан Еуропа чемпионаты басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды prosports.kz.

Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Қарсыластары – Италия, Словения және Финляндия құрамалары. Алдымен қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Еуропа чемпионатында барлығы 16 құрама бақ сынайды. Құрамалар төмендегі топтарға бөлінген:

А тобы: Нидерланды, Сербия, Украина, Португалия

С тобы: Ресей, Польша, Словакия, Хорватия

D тобы: Грузия, Испания, Әзербайжан, Босния және Герцоговина.

Құрлықтық дода бүгін Сербия мен Португалия құрамалары арасындағы кездесумен басталады. Сондай-ақ бүгін Нидерланды мен Украина құрамалары ойнайды. Аталған турнирдегі ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы