Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Футболға "Бораттың" купальнигімен келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды

Бүгiн, 13:56
126
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Бельгия азаматтары әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар «Брюгге» мен «Қайрат» командалары арасындағы матч кезінде «Астана Арена» стадионында болған оқиғадан кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Белгілі болғандай, Бельгия азаматтары мас күйде болып, көпшілік алдында сырт киімдерін шешіп, іш киіммен қалған. Олардың үстінде танымал фильмдегі «Бораттың» купальнигі болған. Бұл әрекет бейнекамераларға түсіп, Қазақстанның әлеуметтік желілерінде кеңінен тарады.

Бұған дейін атақты америкалық актер "Борат" фильмі – ұлттық намысқа тиетін дүние" деп атаған еді.

Өзгелердің жаңалығы