Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қайтыс болды

18 Тамыз 2020, 14:00
2381
Бөлісу:
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Разия Нұркенова қайтыс болды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. 

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Төлеуқызы Нұркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен қайтыс болды.
Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нұркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал. Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Рәзия Төлеуқызы Нұркенованың өмірден мезгілсіз өтуіне байланысты қатты қайғырып, марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген баспасөз хабарламасында. 
Айта кетейік, Рәзия Төлеуқызы Қарағандының "Олимп" әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады. Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырды.

1992 жылы Рәзия Нұркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады.

Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған. Ойнау мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты. 

Футболдан ҚР және РФ спорт шебері.
Ресейдің үш дүркін чемпионы: 1993, 1994, 1996
Ресей кубогының иегері: 1994
Достастық кубогының иегері: 1996



Өзгелердің жаңалығы