Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының соңғы турында Қазақстан құрамасы алаңда Норвегиямен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел құрамасы қарсыластардан 5:0 есебімен жеңілді.
Ослода өткен ойында норвегтер айқын басымдықпен жеңіске жетті. Матчта Эрлинг Холанд хет-трик жасаса, Сорлот пен Нуса бір-бір голдан соқты.
Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама топтық кезеңдегі 6 ойында бірде-бір гол соқпады. Өз қақпаларына 15 гол өткізді. Бар болғаны 1 ұпай жинап, С дивизионына төмендеді.