Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

22 Наурыз 2021, 17:02
1846
Бөлісу:
Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасына әрбір турына шолуды жалғастырамыз. Бұған дейін бірінші тур туралы жазғанбыз. Бұл жолы 2-турға тоқталып өтпекпіз.

«Тараз» (Тараз) –  «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – 0:0

Екінші турдың шымылдығын ашқан екі команда Қазақстан премьер-лигасына тән нәтижесі төмен ойын көрсетті. Бұл матчта гол соғылған жоқ. Қай-қайсының болмасын шабуылдағы ойындары мардымсыз. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда қобалжу болып, өте көп қажет емес қателіктер жібердік. Қарсыластың шабуыл жасауына мүмкіндік беріп қойдық. Ал екінші кезеңде ойынымыз ширай бастады. Бірақ бұдан да қауіпті шабуылдар ұйымдастыру керек еді. Гол соғатын 3-4  мүмкіндігімізді пайдалана алмадық, - деді «Тараз» бапкері Вардан Минасян.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Қайсар» (Қызылорда) –  «Қайрат» (Алматы) –  0:3 Голдар: Вагнер Лав, 45+3 (0:1). Оганесян, 62 (0:2). Үсенов, 77 (0:3).

Алаңнан қуылды: Нәрзілдаев, 38.

Алматы клубы Қызылордада жергілікті «Қайсарға» еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Алаң иелерінің ірі есеппен жеңілуіне өздері кінәлі. Команда капитаны Думан Нәрзілдаев қарсыластың ойыншысын шынтақпен ұрып жіберемін деп алаңнан қуылды. Осыдан кейін Шпилевский шәкірттерін тоқтату мүмкін болмады. Матчта соғылған үш голға да шабуылшы Вагнер Лавтың қатысы бар. Бразилиялық футболшы осы матчтың үздігі.

Кездесуге бірнеше қатыса алмаған болатын. Атап айтсақ, Адеринсола Эсеола, Штерли Мамба және Хосе Канте.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

Деринде аздаған инфекция болды. Ол бір апта бойы бізбен бірге жаттыққан жоқ. Сондықтан қатарымызда емес. Ал Штрелидың асқазаны ауырды. Сол себепті көмектесе алмады. Хосенің жарақаты бар. Бұрынғы командасында жүргенде жарақаттанған. Әзірге толық жазылмады. Оны жеке дайындаймыз. Бұрынғы бабына еніп, шабуыл шебін күшейтеді деп үміттенеміз. Бәріміз соны күтіп отырмыз. Өйткені Хосе өз ісінің маманы және шеберлігі жоғары шабуылшы, - деді «Қайрат» командасының бас бапкері Алексей Шпилевский.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Каспий» (Ақтау)– 2:0 Голдар: Эбонг,17 (1:0). Томасов, 45+1-пенальтиден 2:0).

«Астана» өз алаңындағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Елорда командасы «Астана Арена» стадионында соңғы рет 2019 жылы ойнаған. Былтыр стадион дайын болмады. Бұл матчта алаң иелері ойыншыларының жеке шеберліктері шешті. Әйтпесе әзірге екі команда толық баптарына келіп үлгермеген.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Каспий» - ойын өрнегі қалыптасқан команда. Допқа көбірек иелік еткенді жақсы көреді. Қарсыластың жарты алаңынан допты тартып алу үшін бірінші таймда көп прессинг жасадық. Бірнеше сәтте ойлағанымыз жүзеге асты. Бірақ көп күш кетті. Екінші таймда нәтижеге ойнадық. «Каспий» бірде-бір қауіпті шабуыл ұйымдастырған жоқ. Бірінші турда ұпай жоғалтқанымыз бар, сондықтан бүгін бұл жеңіс керек болды, - дейді «Астана» бапкері Андрей Тихонов.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Жетісу» (Талдықорған) – «Тұран» (Түркістан) – 3:0 Голдар: Дмитриев, 4 (1:0). Әділ, 68 (2:0). Балтабеков, 76 (3:0).

«Жетісу» Түркістанның «Тұран» командасын осылай ойсырата жеңеді деп кім ойлаған? Ринат Алюетов шәкірттері қарсыластарынан бір бас жоғары болды дей алмаймыз, бірақ өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Әсіресе Аслан Әділ мен Асхат Балтабековтың соққылары сәтті шықты.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

Бүгін жігіттер алаңда бар күштерін салды, жүрекпен ойнады. Жас команда болсақ та, әрбір матчта соңына дейін күресетінімізді байқатты. Асхат Балтабеков пен Аслан Әділ секілді гол соққан дебютанттарымызды құттықтаймын. Бапкерлер штабының тапсырмасы толығымен орындалды. Қазақстан футболшыларымен де ойнауға болатынын байқаттық, - дейді «Жетісу» бапкері Ринат Алюетов.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Шахтер» (Қарағанды) – «Ордабасы» (Шымкент) – 0:2 Голдар: Симчевич, 50 (0:1). Хижниченко,88 (0:2).

Стадионы дайын емес Қарағандының «Шахтері» Нұр-Сұлтанда Шымкенттен келген «Ордабасыны» қабылдады. Қонақтар бірінші турда ауа райының қолайсыздығына байланысты ойнамаған болатын. 

Әли Әлиев жаттықтыратын «Шахтердің» шабуыл шебінде проблема әлі де көп. Бұл жолы 3-4 қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ оның бірде-біреуін пайдалана алмады. Ал «Ордабасы» екінші таймда қарсыластың қателігін тиімді пайдаланып, үш ұпай еншіледі.

Бір қызығы, матчтағы екі голды да кезінде «Шахтер» сапында ойнаған Александр Симчевич пен Сергей Хижниченко соқты. Екеуі де негізгі жұлдызды кезеңдерін осы команда сапында өткізген.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Ақжайық» (Орал) – «Атырау» (Атырау) – 1:0 Гол: Тапалов, 74 (1:0).

Алаңнан қуылды: Гжельчак, 90+2

Оралдағы ойынды премьер-лига деңгейіндегі матч деуге келмейді. Футболшылардан жақсы ойын көрсетуге стадионның сапасы да сай емес. Жалпы осындай алаңдардағы ойын жалғаса берсе, қазақ футболы ешқашан дамыған емес.

Бұл кездесуде Владимир Мазяр шәкірттері үш ұпайға қол жеткізді. «Атырау» еку матч қатарынан бір гол айырмашылығымен жеңілді.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – Тобыл» (Қостанай) – 1:1

Голдар: Сергеев, 54 (1:0).Валиуллин, 71 (1:1).

Бір кездері бұл матчты Қазақстаның «Ел-классикасы» деп атайтын. Екі команданың да жанкүйерлері жеткілікті.

Матчқа тоқталар болсақ, басында Қостанайдан келген футболшылар тізгінді ұстаған. Сосын алаң иелері шабуылға көшті. Екінші таймның басында өзбекстандық шабуылшы Игорь Сергеев дәлдік танытты. Ол Әлішер Әжімов әуелетіп берген допты Мокин қорғаған қақпаға басымен сүңгіте салды. Дегенмен «Тобыл» да қарап қалмады. Айып соққысынан Руслан Валиуллин таразы басын теңестірді. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды

Өзгелердің жаңалығы