Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады

Кеше, 18:11
227
Бөлісу:
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады
Фото: BAQ.KZ архив

Елімізде футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқаратын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Антикорда өткен брифингте айтылды.

Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды. Мәселен, Түркістан облысы 1 млрд, Ақмола облысы 390 млн, Қостанай облысы 350 млн, Павлодар облысы 300 млн, Жетісу облысы 146,2 млн теңгеге.

Кәсіби спортты қаржыландру 4,6 млрд теңгеге төмендетілді.

Мәселен, Шымкент қаласы 4,2 млрд, Ақмола облысы 242 млн, Түркістан облысы 86 млн, Павлодар облысы 58,5 млн, Абай облысы 38 млн,Шығыс Қазақстан облысы 2 млн;

Тиімсіз басқарудан 8 спорт нысаны қайтарылды.

Мысалы, 
Алматы қ. – 2 ("Халық Арена", "Алматы Арена"); Атырау обл. – 2 ("Мұз сарайы", "Орталық бассейн"); Батыс Қазақстан обл. – 3 ("Ақжайық" ФК ғимараты мен стадионы,қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ); Қостанай обл. – 1 (Мұз сарайы).

Орындау мониторингінде Агенттіктің (ВАКР нәтижелері бойынша) келесі ұсынымдары бар:

-Спорт пәндерінің түрлері мен кіші түрлерін қысқарту;

-Ашықтықты қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар мен басқару персоналына шығындарды оңтайландыру;

-Бюджеттен тыс қаражатты бөлуде әділ және ашық шарттар жасау. Агенттік ұсынымдардың жүзеге асырылуына мониторинг жасауды жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы