Футбол: Еуро-2024 жеңімпазы – Испания

15 Шілде 2024, 02:10
794
Бөлісу:
Футбол: Еуро-2024 жеңімпазы – Испания
Фото: ашық дереккөз

Испания құрамасы финалда ағылшындарды жеңіп, Еуро-2024 жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу 2:1 есебімен испандықтардың пайдасына шешілді. Бірінші голды екінші таймның басында Нико Уильямс соқты.  Ағылшын құрамасының ойыншысы Коул Палмер бір голдың авторы атанды. Ал ойын аяқталуға төрт минут қалғанда жеңіс голын Микель Оярсабаль соқты.

Еуро жеңісі Испанияның тарихындағы төртінші жеңісі болды (бұған дейін 1964, 2008 және 2012 жылдары жүлдегер болған болатын).

Өзгелердің жаңалығы