<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. 12-турда Павлодардың «Ертіс» командасы өз алаңында «Атырауды» жеңді. </h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. 12-турда Павлодардың «Ертіс» командасы өз алаңында «Атырауды» жеңді.
Премьер-лиганың биылғы маусымы да «Ертіс» пен «Атырау» үшін оңай болып жатқан жоқ. Екі команда да жиі жеңіліп жүр. Осы турда өзара кездесті. Бірінші айналымда Павлодар командасы жеңіске жеткен. Бұл жолы да солай болды. Матчтың тағдырын Оле бразил» түлегі Рафкат Аслан соққан жалғыз гол шешті.
«Өте қиын матч, әсіресе бірінші тайм оңайға соқпады. «Атырау» жақсы ойнады. Осы жолы дайындалуға уақытымыз көбірек болды. Бұған дейін 2-3 күн сайын бір ойыннан өткізген едік. Сондықтан өз ойымызды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Екінші таймда сәл басым ойнап, жеңісті жұлып алдық. Жеңіс голы стандарттан соғылды. Футболшылар мен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын», – дейді «Ертістің» бас бапкерінің міндетін атқарушы Сергей Климов.
Оның айтуынша, Павлодар командасында жарақат алған ойыншылар көп. Осы матчта гол соққан Рафкат Аслан да қатардан шығып қалды. Оның алдында Артем Попов, Урош Витас, Тимур Мульдиновтер жарақат алған екен.