Астана, baq.kz. Негізгі жұмысынан бөлек бос уақытын жалдамалы қызметке арнайтын фрилансерлер мен еңбек келісім-шарты барлар міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды. Бұл туралы 24.kz арнасы жазды.
Олар үшін зейнетақы жарнасын қорға тапсырыс берушілер салады. Тиісті заңға жаңа жылдан бастап осындай өзгерістер енді. Азаматтық-құқықтық келісім-шарты бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарнасын бұдан былай заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар төлейтін болады.Олар салық агенті ретінде фрилансерлер үшін жеке табыс салығын есептеп, зейнетақы қорына аударады.
"Халық арасында кеңінен тараған фрилансер ұғымын еркін мамандық иесі немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар деп қарастыруға болады. Мәселен, олардың қатарына арнайы тапсырыспен жұмыс атқаратын тілшілер мен блогерлер қауымын, балалардың көңілін көтеретін аниматорлар, той жүргізетін асабаларды да жатқызуға болады" - дейді ҚР ЕӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру департаментінің басқарма басшысы Виктория Шегай.
Виктория Шегайдың айтуынша, жалпыға ортақ табыс декларациясы тек 2020 жылы енгізілетінін ескерсек, бүгінде кімнің қанша табыс табатынын айту мүмкін емес. азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жатқан жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығы сақталады. Осылайша, олар өз бетінше міндетті зейнетақы жарнасын төлеуге құқылы.
Естеріңізде болса, бұған дейін фрилансерлерге міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылатыны туралыхабарлаған болатынбыз.