Францияның бұрынғы президенті сотталды

15 Ақпан 2024, 09:53
509
Бөлісу:
Францияның бұрынғы президенті сотталды

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 1 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ол кесілген жазаның жартысын қолына электронды білезік тағып, шартты түрде өтейді. Бұл үкімді Париждің аппеляциялық соты шығарған. Саркози 2012 жылғы сайлауалды науқанын заңсыз қаржыландырған деп айыпталды. 

Прокурорлардың айтуынша, экс-президент сайлауалды науқанға 42,8 миллион еуро жұмсаған, бұл рұқсат етілген сомадан екі есе артық.

Өзгелердің жаңалығы