Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Франциядағы ереуілдер 26 компанияның жұмысын тоқтатты

Кеше, 16:23
384
Бөлісу:
 News.am
Фото: News.am

Францияда жаппай ереуілдер алкоголь өнімдерін өндіретін 26 компанияның жұмысын парализдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Ереуілге шарап, шампан, коньяк және өзге де спиртті ішімдік өндіруші кәсіпорындар қызметкерлері шыққан. Телеканал LCI мәліметінше, елдің солтүстік-шығысындағы Шампань–Арденна өңірінде Ruinart және Moët & Chandon компанияларының қызметкерлерінің 80%-ы жұмысты тоқтатқан. Олар басшылықтың жыл сайынғы сыйақыны алып тастау жөніндегі шешіміне қарсылық ретінде осылай жасаған.

Басылымның жазуынша, бұл — 1967 жылдан бері алғаш рет сыйақының берілмеуі. Кәсіподақтар мұндай төлемдер болмаған жағдайда жалақы шамамен 10–15% азаяды деп есептейді, бұл кейбір қызметкерлер үшін өте елеулі шығын.

Хабарламада сыйақыны алып тастау шешімі саланың төмен көрсеткіштерімен байланысты болуы мүмкін екені айтылған. Арнаның дерегіне қарағанда, биылғы I тоқсанда саланың көрсеткіші 33%-ға төмендеген. 2024 жылы құлдырау 36% болған. Бұған Қытай тарапынан француз коньягын әкелуге енгізілген шектеулер және АҚШ-та тұтынудың азаюы әсер еткен. АҚШ — Францияның басты экспорт нарығы.

Ақпарат құралдары атап өткендей, люкс сегментіндегі компанияларда мұндай ереуілдер өте сирек кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы