Францияда зейнетақы жасын көтеруге қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Парижде зейнетақы жасын көтеруге қарсы ереуілдер өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

12 Наурыз 2023 2023, 11:34
АВТОР
 Anadolu Agency 12 Наурыз 2023 2023, 11:34
12 Наурыз 2023 2023, 11:34
1035
Фото: Anadolu Agency

Парижде зейнетақы жасын көтеруге қарсы ереуілдер өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ереуілге он мыңдай адам қатысып жатқаны белгілі болды. Олардың арасында медициналық мекемелердің қызметкерлері, мұғалімдер, қоғам белсенділері, көлік және энергетика  саласының жұмысшылары бар. 

Француздар ел үкіметінің зейнетақы жасын 62-ден 64 жасқа көтеруіне қарсылықтарын білдірулерін жалғастыруда.

Қала орталығындағы наразылық шеруі радикалдар полицияға бөтелке, тас пен петарда лақтырғанға дейін бейбіт түрде өтіп жатқан. Алайда ашуға булыққан қатысушылар тұрақтағы көліктердің терезесін сындырып, қоқыс жәшіктерін жағып, полицияға тас және бөтелке лақтырған соң құқық қорғау органдарының қызметкерлері күш қолдануға мәжбүр болған. 

Франция сенаты қазіргі уақытта зейнетақы реформасы туралы заң жобасының ережелерін қарап, 2030 жылға қарай зейнет жасын 64 жасқа дейін ұзартуды көздейтін түзетуді қолдаған. 

Наверх