Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда қар көшкіні салдарынан үш адам қаза тапты

Бүгiн, 14:14
332
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Францияның Савойя департаментінің оңтүстік-шығысындағы Валь-д’Изер мен Ареш-Бофор тау шаңғысы курорттарында қар көшкіні жүріп, үш шаңғышы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Ареш-Бофорда шаңғы трассасынан тыс жерде сырғанап жүрген шаңғышы қаза болған. Онымен бірге болған тағы бір адам басынан ауыр жарақат алған.

Екінші қар көшкіні Валь-д’Изерде тіркелген. Бұл жерде екі адам 2,5 метр қалың қардың астында қалған. Телеарнаның хабарлауынша, құтқарушылар шаңғышыларды олардың ұялы телефондарының сигналын бақылау арқылы тапқан. Алайда екі турист те аса ауыр жағдайда анықталып, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Өзгелердің жаңалығы