Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда президент сайлауының бірінші кезеңі басталды, деп жазды Хабар24.
Социологтар саяси іс-шараға азаматтар тарихта бұрын-соңды болмаған көлемде аз келеді деп болжап отыр.
Сауалнама сұрақтарына жауап берген тұрғындардың 28 проценті дауыс беруге қатыспайтынын көрсеткен.
Сарапшылардың пайымынша, негізгі тартыс елдің қазіргі президенті Эммануэль Макрон мен адвоват, әсіре оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясының басшысы Марин Ле Пеннің арасында өтпек.