Францияның сыртқы істер министрлігі мерзімінен бұрын өткен ұлттық құрылтай сайлауында «Жаңа халық шебі» солшылдар альянсы жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Парижде дауыс саны есептелген соң «Жаңа халық шебі» Францияның ұлттық құрылтайында 182 орынды иеленгені белгілі болды.
Ал екінші орынды президент Эммануэль Макронның «Бірге» коалициясы алған. Осылайша, оның мүшелеріне парламенттен 168 орын беріледі.
Үшінші орынды Марин Ле Пеннің «Ұлттық бірлестік» коалиция алып, 143 орынға қол жеткізді.
Дауыс берудің нәтижесі бойынша республикашылдар 45 орынды иемденді. Тағы 39 орын қалған қозғалыстар арасында бөлінеді.