Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді

8 Қаңтар 2025, 03:25
582
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеген.

Науқас елдің батысындағы Бретань өңірінің тұрғыны болып шықты. Ол жуырда Орталық Африка елдеріне барып келіпті. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Науқаспен байланыста болғандар анықталуда.

Айта кетейік, Clade Ib деп аталатын жаңа штамм алғаш рет жазда Кения аумағында тіркелген болатын. Күзде бұл вирус Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен Германиядан табылды.

Өзгелердің жаңалығы