Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті

13 Қаңтар 2025, 04:21
658
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Францияның Страсбург қаласындағы орталық вокзалда екі пойыз бір-біріне соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

BFMTV таратқан ақпаратқа сәйкес, апаттан 20 адам зардап шеккен.

Оқиға «Орталық вокзал» аялдамасындағы нұсқарды ауыстыру кезіндегі қателік салдарынан болған.

Құтқару қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер орташа дәрежедегі дене жарақатын алған.

Ел билігі Де-Аль алаңында ауданды, Вильсон атындағы гүлзар мен вокзалға бармауға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы