Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда балаларға интернетті қолдануға тыйым салынды

Бүгiн, 19:03
187
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Францияның Ұлттық жиналысы (парламенттің төменгі палатасы) 15 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық жиналыстың пленарлық отырысында 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу туралы заң жобасы қаралды.

«Қайта өрлеу» партиясынан депутат Лор Миллер ұсынған құжат 130 депутаттың «жақтау» дауысымен қабылданып, 21 депутат «қарсы» дауыс берді.

Заң жобасы әлеуметтік желілердің пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін енгізуін міндеттейді. Сонымен қатар құжат сабақ кезінде және оқу орындарының дәліздерінде лицей оқушыларының ұялы телефон қолдануына тыйым салуды енгізеді.

Алдағы апталарда құжат парламенттің жоғарғы палатасы — Сенатта қаралады деп күтіліп отыр.

Франция президенті Эмманюэль Макрон қолдайтын бұл заң жобасы қыркүйек айында, яғни жаңа оқу жылы басталған кезде күшіне енеді деп болжанып отыр.

Францияда заңның күшіне енуі үшін оны Сенат та, Ұлттық жиналыс та мақұлдауы қажет.

Ал Аустралияда 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салатын заң 2025 жылғы 10 желтоқсанда күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы