Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда, әр сыныпта оқушылар саны 10-15 адамнан аспауы тиіс.
Франция оқу жылын қайта жаңғыртуға дайындалуда. Келесі аптада елде балабақшалар мен бастауыш мектептер ашыла бастайды.
Сент-Обен-дю-Кормье қаласындағы оқу орындарының бірінде қызметкерлер сыныптарды жаңа санитариялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес дайындап жатыр. Нақтырақ айтсақ, олардың әрқайсысындағы оқушылар саны 10-15 адамнан аспауы тиіс.
Қол жууға, санитариялық сақтық шараларына, үй-жайларды тазалауға және дезинфекциялау жұмыстарына көп уақыт бөлінеді. Бұған оқуға бөлінетін сағаттың біршама бөлігін жұмсаймыз, бірақ қолдан келгенше жағдай жасауға тырысамыз. Мен де көпшілік сияқты, отбасыма вирус алып келуден қорқамын. Дегенмен, өмір сүруді жалғастыру керек. Бастысы, ұсынылған талаптарды мұқият орындасаңыз болды, - дейді бастауыш сынып мұғалімі Данвер Орел.
Француз билігі 11 мамырдан бастап оқу процесін қайта бастауға ресми рұқсат еткеніне қарамастан, оқушыларды қабылдау туралы түпкілікті шешімді әрбір мектеп өз бетінше қабылдайды.
Сыныптарда балалардың отыруы әлі де міндетті емес. Оқуды қашықтан жалғастырамын дегендерге де рұқсат берілген.