Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда әйгілі көліктер аукционға қойылды

10 Қараша 2025, 07:15
474
Бөлісу:
 google.com
Фото: google.com

Францияда әйгілі кинофильмдердегі 50 автокөлік аукционға қойылды. Коллекцияны Movie Cars орталық музейі ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Темір тұлпарлардың бірқатары "Форсаж", "Такси" сынды танымал туындылардың түсіріліміне қатысқан. Кейбірінде тіпті түрлі сызаттардың ізі қалған.

Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл олардың құны мен тарихи мәнін одан әрі арттырады. Онлайн сауда 21-28 қараша аралығында өтеді. Мамандар көліктердің бағасы бірнеше миллион еуроға дейін жетеді деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы