Францияда қауіптіліктің қызғылт сары деңгейі жарияланды

25 Шілде 2019, 02:33
1423
Бөлісу:
Францияда қауіптіліктің қызғылт сары деңгейі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның кейбір өңірлерінде ауа райы қолайсыздығы салдарынан қауіптіліктің қызғылт сары деңгейі жарияланды, деп хабарлады 24.kz.

Себебі синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада бұл өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Және аптап ыстық бірнеше күнге созылмақ. Билік өкілдері құрғақшылықтың алдын алу үшін суды үнемдеуге көшкен. Мәселен, Луар өңірінде бақшаны суаруға, көлікті жууға және хауыздарды толтыруға тыйым салынды. Ал Парижде аптап ыстыққа арнайы бағдарлама әзірленді. Қалада көпшілікке арналған желдеткіші бар бөлмелер іске қосылмақ. Субұрқақтар және демалыс орындары күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Өзгелердің жаңалығы