Францияда аптап ыстықтан 4 адам қайтыс болды

5 Тамыз 2022, 21:00
1288
Бөлісу:
Францияда аптап ыстықтан 4 адам қайтыс болды
Фото: Егемен Қазақстан

Францияда күн қатты ысып, 4 адам жұмыс орнында жан тапсырды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау агенттігі мәлімдеді,деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Билік аптаптың беті әзір қайтпайды деп ескертті. Ал мамандар шектен тыс ыстық климат өзгерісімен тікелей байланысты дейді. 

 Францияда биылғы шілде ең ыстық ай ретінде тарихта қалды. Жаз басталғалы аптаптың үшінші толқыны келді. 

"Метео-Франстың" мәліметіше, сынап бағанасы 40 градустан асқан. Климатологтар жоғары температура енді қалыпқа айнала дейді. Қазір әсіресе жасы 75-тен асқан, созылмалы ауруы бар, үнемі дәрі ішетін тұрғындарға қиын. Билік халықты түскі уақытта далаға беталды шықпауға шақырып әлек. Алайда Парижге туристер әдеттегідей қаптап келіп жатыр. 

Басында ыстықтан қорқып едім, бірақ кейін үрейім сейілді. Көлеңкемен жүруге тырысамыз. Күннен қорғайтын май жағып аламыз,- дейді жапондық турист Мари-Жозе

 Қалайда қаланы көруіміз керек. Біраз салқындау үшін мұхитаралға кіріп шықтық. Енді Эйфель мұнарасына бара жатырмыз,- дейді   италиялық турист Марко.

Францияда қазір күндіз түгілі, түнде де ыстық. Мамандар мұның сирек құбылыс екенін айтады.
 

Өзгелердің жаңалығы