Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Францияда 320 мың үй электр жарығынсыз қалды

Кеше, 15:50
214
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Францияда "Горетти" дауылының салдарынан электрмен жабдықтаудағы іркілістер жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 320 мың үй шаруашылығы әлі де жарықсыз отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдыңғы күннің кешінен бері ел аумағын шарпыған қолайсыз ауа райы электр энергиясын толық қалпына келтіруге мүмкіндік бермей отыр. Энергожелілер операторы Enedis жергілікті уақытпен сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша жарықсыз қалған үйлер саны әлі де 320 мыңды құрайтынын хабарлады.

АҚШ-тың X компаниясына тиесілі әлеуметтік желіде Эр департаменті префектурасы жариялаған ақпаратқа сәйкес, өңірде байланыс қызметінде де үзілістер тіркелген. Атап айтқанда, 14 мың абоненттің телефон желісі уақытша өшірілген.

Түнгі уақытта желдің жылдамдығы шамамен 200 км/сағ-қа дейін жеткен. Ал елдің солтүстігіндегі Нормандия аймағындағы Гатвиль ауылында жел екпіні 213 км/сағ болғаны тіркелді.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Горетти» дауылы салдарынан алты адам жеңіл жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы