Францияда аптап ыстықтан 1500 адам қаза болды

9 Қыркүйек 2019, 18:44
1917
Бөлісу:
Францияда аптап ыстықтан 1500 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа температурасы екі рет 45 градус межесінен асып кеткен. Қаза тапқандардың дені - зейнеткерлер мен балалар.

Бұл туралы бүгін DW  Францияның денсаулық сақтау министрі Аньес Бюзенге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Министрдің айтуынша, биылғы аптап ыстық ауа райының әсерінен қаза тапқандар саны 2003 жылғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе аз. Себебі сол жылдары ауа температурасының қатты ысып кетуі салдарынан Францияда 15 мыңға жуық адам қаза болған еді.

Жазда Францияда шектен тыс ыстық болған екі кезең тіркелді. 28 маусымда температуралық рекорд орнатылып, сынап бағанасы 46 градус ыстықты көрсетті. Аталмыш көрсеткіш елдің оңтүстігінде Верарг қаласында (Монпьеден 30 км қашықтықта) тіркелді. Бұдан бөлек, Францияның оңтүстік бөлігінде орналасқан басқа да елді мекендерде де 45 градус ыстық болған.

2003 жылғы аптап ыстықтан кейін Франция үкіметі көптеген сақтық шарасын қолға алды. Атап айтқанда, Париж метросында бірнеше тілде жазылған хабарламалар ілінді. Ол жерде жеткілікті су ішіп, егде жастағы адамдар мен балаларға назар аудару қажеттігі туралы жазылды.

Аномальді ыстық ауа райы салдарынан Нотр-Дамның тас күмбездері де қирап жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы