Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

23 Қыркүйек 2024, 01:55
396
Бөлісу:
Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
Фото: ашық дереккөз

Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді. Франция президенті әкімшілігінің басшысы Алекси Колер жаңадан жасақталған Үкімет құрамындағы министрлер тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша, "Демократиялық қозғалыс" партиясының бұрынғы Еуропа істері жөніндегі министрі Жан-Ноэль Барро Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Франция президенті Эммануэль Макронның ұсынысы бойынша ЕО-ның өркендеуі мен индустриялық стратегиясына жауапты Еурокомиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалған "Ренессанс" президенттік партиясының мүшесі Стефан Сежурненің орнына жайғасты.

Францияның Қарулы күштер министрі болып Себастьен Лекорню тағайындалды. Француз бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, Қорғаныс министрлігі мен СІМ басшыларының лауазымдары, әдетте, бос тұратынын, оған Президент ұсынған кандидаттар тағайындалатынын жазады.

Айта кетейік, 16 шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон Премьер-министр Габриэль Атталь басшылық еткен Үкімет отставкасын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы