Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Франция делегациясының Қазақстанға не үшін келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр Энергетика министрлігінің желісі бойынша сұрақтардың үлкен блогы бар екенін айтады.
Бірінші мәселе – Total Energy компаниясымен электр энергиясын сақтау құрылғылары бар қуаты 1 ГВт болатын жел паркін салу туралы келісім. Осыған дейін әлемдік жылынуға қарсы іс-қимыл жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл жобаны іске асыру бойынша инвестициялар туралы келісім дайындалып жатыр. Жалпы алғанда біз бұл келісімдерді ратификациялау бойынша рәсімді Мәжілісте бастадық, – деді министр Ақорда кулуарында.