Францияның Майотта аралында төтенше табиғи апат жағдайы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ерекше режим бір ай күшінде болады. Билік "Шидо" дауылының салдарымен күресте әкімшілік мәселелерді тез шешіп, қаржы бөлуді жылдамдатпақ. "Ассошиэйтед пресс" агенттігінің хабарлауынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 31 адамға жетті.
Тағы 1,5 мыңнан астамы жараланған. 200 науқас ауыр халде жатыр. Аймақта коменданттық сағат енгізілген. Жергілікті билік құрбандар саны мыңдап саналуы мүмкін деп қауіптенеді.