Франция Иранға қарсы БҰҰ Халықаралық сотына шағым түсірді. Париж Тегеранды екі француз азаматы — Жак Пари мен Сесиль Колердің құқықтарын бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы BAQ.KZ RFI мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Франция тарапының айтуынша, бұл — Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена конвенциясының ережелерін "ауыр және жүйелі түрде бұзу". Екі француз азаматы тыңшылық жасады деген айыппен Иранда 1 мың күннен астам уақыт бойы қамауда отыр.
2024 жылы 2 сәуірде Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро бұл мәселеге байланысты БҰҰ мен ЕО деңгейінде шаралар қолданылатынын мәлімдеген болатын.