Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 11 айында Франциямен екі жақты сауданың көлемі 3,965 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 3,352 млрд долларға, ал Франциядан импорт 613,6 миллион долларға жетті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылдың 11 айында Франциямен екі жақты сауданың көлемі 3,965 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 3,352 млрд долларға, ал Франциядан импорт 613,6 миллион долларға жетті.2005-2018 жылдар кезеңінде Франция Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 14,9 АҚШ млрд долларын құрады.
Франция Қазақстандағы үздік 5 шетелдік инвесторлардың тізіміне кірді. Негізгі инвестициялық салалар қатарында жер қойнауын пайдалану, атом өнеркәсібі, түсті металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және т.б.
Қазақстанда француздық капиталы бар 130-ға жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Total, Orano, Danone , Groupe Vicat, Air Liquide, ALSTOM сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.