Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Франкфурт әуежайында жолаушыдан 11 мыңнан астам гауһар тас тәркіленді

Бүгiн, 15:14
121
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Майндағы Франкфурт әуежайында кеден қызметінің қызметкерлері Анголадан келген рейстің жолаушысынан 11 мыңнан астам гауһар тасты анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 53 жастағы ер адамның қол жүгінен арнайы жасалған қос түбі бар жасырын орыннан кемінде 11 270 табиғи гауһар тас табылған. Олардың нарықтағы құнын анықтау үшін сараптамалық бағалау тағайындалды.

Жолаушы ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, ол шекарадан өту кезінде бағалы тастарды декларацияламаған әрі олардың заңды шығу тегін растайтын міндетті сертификатты ұсына алмаған.

Аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы