Францияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

26 Желтоқсан 2020, 15:25
1271
Бөлісу:
Францияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Францияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғаны алғашқы жағдай тіркелді. Бұл Лондоннан келген Франция азаматы екендігі анықталды. Елде бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 20 мыңнан астам жаңа фактісі анықталды.

Жапония үкіметі осы аптада Ұлыбританиядан елге келген бес адамнан коронавирустың жаңа штаммының табылғандығы туралы ақпаратты растады.

ДДҰ коронавирустың жаңа штаммын жұқтыру оқиғалары 8 елде, соның ішінде Дания, Ирландия, Италия, Австралия және Нидерландыда тіркелгенін мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяда пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының тәуліктік максималды өсуі тіркелді - бір тәулікте 1 241 адам індетті жұқтырған.

28 желтоқсаннан бастап Түркияға келгендердің барлығы коронавирусқа тест нәтижесі бар анықтамы ұсынулары керек. Мұндай талап 30 желтоқсаннан бастап көліктің барлық түрлерімен келушілерге де қойылады.

Словакияда індеттің таралуының өсуі жаңа шыңға жетті - өткен тәулікте инфекция тағы 4 046 адамда расталды. 19 желтоқсаннан бастап мемлекетте көптеген дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілген.

Германияда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсуі 25 533 жағдайды құрады. Эпидемия басталғаннан бері Германияда 1 612 648 адам COVID-19 жұқтырған.

Бразилияда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны 22 967 адамға артып, 7 448 560 жағдайға жетті.



Өзгелердің жаңалығы