Франция Президенті коронавирус жұқтырды

17 Желтоқсан 2020, 21:26
1589
Бөлісу:
Франция Президенті коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырып алды.

Бұл туралы Елисей сарайының баспасөз қызметі хабарлады.

Француз басшысы вирус жұқтырудың белгілері сезіле бастаған соң, тест тапсырған. 

Қазір Макрон қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіп, өз-өзін оқшаулаған. Қолданыстағы санитариялық қаулыға сәйкес, Президент 7 күнге оқшауланады.

BFMTV телеарнасының ақпаратына сүйенсек, мемлекет басшысымен қоса оның жұбайы Брижит, елдің премьер-министрі Жан Кастекс пен Ұлттық кеңес басшысы Ришар Феран да өз-өзін оқшаулайды.

Бұған дейін бірқатар Франция Үкіметі мүшелері де КВИ-ге шалдыққан еді. Оның қатарында Брюно Ле Мэр де бар. 


Өзгелердің жаңалығы