Франция, Италия мен Германия AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

16 Наурыз 2021, 19:21
1330
Бөлісу:
Франция, Италия мен Германия AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция, Германия және Италия үкіметі корнавирусқа қарсы британиялық AstraZeneca компаниясының вакцинасын салуды тоқтатты, деп жазды Reuters.

Германия билігі бұл шешімнің саяси мазмұны жоқ екенін атап өтті. 

 

Бұған дейін AstraZeneca компаниясы вакцинасының зиянсыз екенін мәлімдеген болатын. Компания мәліметіне сәйкес, Еуропалық одақ пен Ұлыбританияда  егілген 17 миллион адамның денсаулық жағдайы толықтай зерделенді. Және өкпе артериясының эмболасы мен тамырлардың тромбозына әкеліп соғу ықтималдығы жоққа шығарылды. 

Австрия, Эстония, Латвия, Литва мен Люксембург препараттың партиясынан бас тартқан. Ал Дания, Исландия мен Норвегия вакцинаның барлық партиясын тоқтатты. Мәліметке сәйкес, 12 наурызда аталмыш фирма вакцинасынан кейін Еуроодақ аумағында тромбоздың 22 жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы