Франция елге кіріп-шығуды қатаңдатпақ

30 Қаңтар 2021, 13:45
1450
Бөлісу:
Франция елге кіріп-шығуды қатаңдатпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ, полиция коменданттық сағаттың сақталуын бақылауды 18:00-ден 06:00-ге дейін күшейтеді. Францияның өзін-өзі оқшаулау режимін болдырмауға әлі де мүмкіндігі бар, деп санайды елдің премьер-министрі.

Коронавирустық жағдайға байланысты Франция билігі Еуропалық Одақтан тыс елдерге баруды немесе келуді жоспарлағандардың барлығына шекарадан өтуге тыйым салуға шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Жан Кастекс мәлімдеді, деп хабарлайды Le Monde.

Франция шекарасы арқылы ЕО-дан тыс жерлерге ерекше жағдайларды қоспағанда баруға және шығуға тыйым салынады,. Бұл шара жексенбі күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді, - деді ол. 

Францияға Еуропалық Одаққа мүше елдерден коронавирусқа теріс тестпен ғана кіруге рұқсат бар. Шекара маңындағы аумақтарда тұратын қызметкерлер үшін ерекшелік жасалады.

Кастекстің айтуынша, қазір Франция ауруханаларында коронавирусы бар 27 мыңнан астам науқас бар, оның 3 мыңы реанимацияда жатыр. Сондай-ақ, премьер-министр вирустың неғұрлым жұқпалы штамдарының, яғни, британдық және Оңтүстік Африканың таралуына ерекше назар аударды. 

Осындай деректер аясында өзін-өзі оқшаулау режимін қайтару туралы мәселе дұрыс көтерілді. Бірақ біз мұндай шешімнің ауыр салдарын білеміз және бұған жол бермеуге тағы бір мүмкіндігіміз бар, - деді Кастекс.



Өзгелердің жаңалығы